×

Шымкентте тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін

Уақыт өте келе Қасқасу аумағы туризмінің ордасына айналады, – деді Туризм және спорт министрлігінің өкілі

 Дастан Жұмабекұлы 19.12.2023 | 16:05
Фото: ara24.kz

Шымкентте өткен Creative Shustry of Shymkent 2023 форумында Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев алдағы уақытта қалада тау шаңғысы курорты салынуы мүмкін екенін айтты.

Жиында Ержан Еркінбаев Шымкент қаласының табиғи көрікті жерлерімен, тарихи-мәдени нысандарымен және қаланың дәмді гастрономиясымен үлкен туристік әлеуетке ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ол өңірдің мүмкіндіктерін ескере отырып, аймақтағы туризмнің дамуына оң серпін беретін тау шаңғысы кешенін салу қажеттігі туралы айтты.

Уақыт өте келе Қасқасу аумағы тау шаңғысы туризмінің ордасына айналады деп үміттенеміз. Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Туризм және спорт министрінің орынбасары.

Сондай-ақ Ержан Еркінбаев өңірдегі және жалпы елдегі креативті индустрияларды дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды.

Жиыннан кейін Creative industry of Shymkent форум-көрмесі болып, оған 500 адам қатысты. Көрмеде 30-ға жуық спикер креативті индустрия саласына жаңа идеяларды енгізу, жобаларды іске асыру үшін инвесторлар мен демеушілерді тарту бойынша баяндама жасады.

Көрме аясында 20 жоба ұсынылып, бірқатар меморандум мен жол картасына қол қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама