×

Президент ҚХР Төрағасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді

 Динара Амантай 19.12.2023 | 15:10
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама