×

ҰҚК шетелдегі алаяқтарға көместескен күдіктіні ұстады (ВИДЕО)

Ол арнайы құрылғының көмегімен телефон қоңырауы шалынған орынды жасырған

 Дәурен Ерболат 19.12.2023 | 13:20
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтарға көмектескен қазақстандықты ұстады, деп хабарлады ҰҚК.

Комитет прокуратура органдарының үйлестіруімен телефон байланысын заңсыз ұйымдастарды деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын ұстады.

Тергеу мәліметіне сәйкес, шетелдіктер алаяқтық жасау үшін күдіктімен байланысқа шыққан. Ол алаяқтарға қоңырау соғылған орынды жасыруға көмектескен. Бұл операциялар барысында шетелдік нөмірлерді қазақстандық нөмірлерге ауыстыратын арнайы құрылғы және зиян келтіретін бағдарлама пайдаланылған. Осылайша, күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіріп, үстеме пайда тапқан. Шетелдік алаяқтар оның қызметін пайдаланып, қазақстандықтарды алдаған, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама