×

Қарағандыға кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кетті

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті

 Халық үні 18.12.2023 | 23:38
Фото: әлеуметтік желіден

Астаналық 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлы Қарағандыға кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті.

Patriotkaragandy  басылымының хабарлауынша, Нұрсұлтан Жәнібекұлы сұр түсті Chevrolet Cobalt көлігінде такси қызметімен айналысқан.

Ол 9 желтоқсанда Астанадан Қарағандыға тапсырыс алады. Куәгерлердің айтуынша, кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін байланысқа шықпаған.

Полицейлер Нұрсұлтанның қайда екенін білетін азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 ​​телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама