×

Атырауда үй-күйсіз қалғандарға арналған жаңа орталық ашылды

Онда тұрушыларға барлық жағдай жасалған

 Еркеғали Болатұлы 18.12.2023 | 17:31
фото: дереккөз

Атырауда Лесхоз шағын ауданындағы жаңадан салынған үш қабатты орталық баспанасыз жүргендерді қабылдайды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы жазды.

Ғимаратта тұрушыларға барлық жағдай жасалған. Лифт, душ, демалыс бөлмесі, жиһаздалған бөлмелер бар.

Бұған дейін баспанасыздарға арналған орталық 1977 жылы салынған бір қабатты ғимаратта орналасқан болатын. 2010 жылы ғимарат қауіпті деп танылып, былтыр бұзылды.

Жаңа орталық 70 орынға есептелген. Бірінші қабатта адамдар түнейтін бөлмелер бар. Орталық қызметкерлері оларды төсек-орын жиынтығымен, қажет болған жағдайда таза киім-кешекпен қамтамасыз етеді. Олар жуынып-шайына да алады», - деп жазды жергілікті басылым.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама