×

Көктайғақ, екпінді жел, аяз: синоптиктер ескерту жасады

16-21 желтоқсанда елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа райының күрт нашарлауы күтіледі

 Халық үні 16.12.2023 | 21:22
Фото: vlast.kz

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің ақпаратына сәйкес, 16-21 желтоқсанда елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа райының күрт нашарлауы күтіледі.  

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
Сонымен, алдағы бірнеше күнде бірқатар аймақтарда ауа-райының қолайсыздығы болжанады: қатты жауын-шашын, температураның төмендеуі, көктайғақ, екпінді жел, шектеулі көріну.

«16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағынан өтіп, қалың қар жауып, екпінді жел, боран күтілуде. 18 желтоқсаннан бастап циклон елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне ауысып, ауа райының нашарлауына әкеледі», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылатын болады.

Кезекшілікке 500-ге жуық арнайы техника мен 700 жолшылар жұмылдырылмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама