×

Төрт облыстағы 5 жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

4 облыста, атап айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

 Халық үні 16.12.2023 | 20:43
фото: el.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасы төмендеуі, жаңбыр, боран) 4 облыста, атап айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

«Желіде 616 жолшы, 349 арнайы техниканың көмегімен қардан тазалау және құм-тұз шашу жұмыстарын жүргізуде. Автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы елді мекендерден, соның ішінде ірі қалалардан шығуды шектеуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама