×

Алматыда кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша жол картасы әзірленді

Қала прокуроры алдын-алу жұмыстарының тиімсіздігін атап өтті

 Динара Амантай 15.12.2023 | 15:19
Фото: gov.kz

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен уәкілетті органдардың кәмелетке толмағандар туралы заңнаманы сақтауы мен қолдануы және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі жөнінде ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырысқа Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д. Зәкиева, қала әкімінің орынбасары А. Нүсіпова, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдары, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қала прокуроры алдын алу жұмыстарының тиімсіздігін атап өтті. Мектептерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтандыру және жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бұзушылықтар, сондай-ақ бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі Жол картасына енгізу үшін ұсыныстар тыңдалып, қала прокуратурасы әзірлеген кәмелетке толмағандардың құқығының бұзылуын анықтауға және оларды қорғау бойынша шаралар қабылдауға бағытталған prokuror _almaty_bala_korgau QR-коды ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама