×

Шымкентте мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы жауапқа тартылды

Салық органы 15 кәсіпкердің шоттарын заңсыз бұғаттаған

 Динара Амантай 14.12.2023 | 15:48
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы прокуратурасының талдауы нәтижесінде мемлекеттік кірістер органдарының жүргізген камералдық бақылауы негізінде 15 кәсіпкерлік субъектісі шоттарының бұғатталғаны анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осының салдарынан кәсіпкерлердің қызметі тоқтап қалған.

Прокуратура іс-әрекеттерді негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде салық органы шешімдерінің күші жойылды.

Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және басқа да кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен («Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласуы») әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жойып, олар өз қызметіне кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама