×

Электромобильдерді елге әкелу кезінде бірқатар бұзушылық анықталды

Елдегі 8 салон заңсыздыққа жол берген

 Динара Амантай 14.12.2023 | 11:47
Фото: gov.kz

Электромобильдерді елге әкелу кезінде бірқатар бұзушылық анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Электромобильдерге деген сұраныстың артуына әлемдік тенденция, техникалық сипаттамалары және олардың елге әкелу кезінде мемлекеттік төлемдерден босатылуы оң әсер етті. Мұндай преференцияны қолданудың негізгі шарты – кәсіпкерлік қызметті іске асырумен байланысты емес жеке пайдалану үшін жылына тек 1 көлік әкелу.

Алайда көлік прокуратурасым жүргізген тексеру кезінде электромобильдер іс жүзінде жеке пайдалану үшін деп рәсімделгенмен, кейін қайта сатылғаны анықталды. Бұл бұзушылық 8 автосалон қызметінде де тіркелді.

Тек Алматы қаласы бойынша көлік прокурорлары осындай 34 қайта сату белгілерін анықтаған. Бұл ретте мемлекеттің болжамды шығындары 100 млн теңгеден асады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Мұндай жағдайда мемлекеттік қазынаға зиян келтіруден басқа, қолайсыз бәсекелестікке жол берілген, бұл көбіне адал бизнестің банкрот деп танылуына әкеледі.

Бұл электромобильдерге қатысты кеден саласындағы жалғыз мәселе емес.

Мемлекеттік кіріс органдары оларды кедендік тазарту кезінде заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етпейді. Мысалы, «Li Auto» (Li 7 және 9) маркалы автокөлікке қатысты. Уәкілетті органның ұстанымына сәйкес, бұл көлік – электромобиль. Алайда 141 теңдей автокөлікке кеден өкілдерімен және 7 жағдайда декларанттармен гибрид коды қолданылған. Бұның өзі бюджетке шамамен 80 млн теңгенің негізсіз төленуіне және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқығының бұзылуына әкеп соқтырған. Ал кеден органдары бұзушылықтарды уақтылы жоюға бағытталған шараларды қабылдамаған.

Бүгінде көлік прокуратурасының енгізген ұсынысы бойынша мұндай тәжірибені жою және декларанттарға (гибрид ретінде рәсімделген автокөліктердің меншік иелеріне) ақшаларын қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр, – делнген хбарламада.

Сондай-ақ кінәлі қызметкерлерді тәртіптік, ал кеден брокерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қылмыс белгілері бар жекелеген материалдар қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама