×

ҚТЖ Достық шекара өткелінде астық пен өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды

Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды

 Динара Амантай 13.12.2023 | 15:56
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Достық (ҚР) және Алашаңқай (ҚХР) станцияларында қалыптасқан ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстаннан ҚХР-ға жүк қабылдау баяулады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытай астық тасымалдаушыларды, астық жүктері мен ұнтақ өнімдері бар жабық вагондарды, өсімдік майы бар цистерналарды қабылдамай жатыр. Алашаңқай станциясында терминалдардың жұмысы тоқтатылды.

Жүк және контейнерлік пойыздар күтуге көшкен. 12-13 желтоқсан аралығында түнде пойыздарды беру толығымен тоқтатылды. Күндіз пойыздардың орташа тәуліктік алмасуы 5 есе: 15-тен 3 құрамға дейін төмендеді. Осыған байланысты ҚТЖ 25 желтоқсанға дейін Достық шекара өткелі арқылы контейнерлерде, астық тасымалдаушыларда, жабық вагондарда астық жүктерін және цистерналарда өсімдік майларын қабылдауға тыйым салды, – делінген хабарламада.

ҚТЖ 12 желтоқсанда ҚХР темір жол өкілдерімен жүктерді қабылдауды қайта бастау туралы шұғыл кеңес өткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама