×

Еуропа одағы жасанды интеллект туралы тарихи келісімді мақұлдады

Келісімді бұзған компанияларға 35 млн еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 12.12.2023 | 09:20
Фото: forbes.fr

Еуропа одағы әлемдегі алғашқы толық құқықтық пакетті мақұлдады. 36 сағатқа созылған келіссөздерден кейін Еуроодақ Парламенті мен ЕО-ға мүше елдер бірқатар мәселелер бойынша, соның ішінде бет-әлпетті тану және сот жүйесінің технологияны пайдалануы бойынша келісімге келді.

ЕО-ның ішкі нарық комиссары Терри Бретон Еуропа одағының жасанды интеллектті пайдалану туралы нақты ережені орнатқан алғашқы құрлық екенін айтты.

Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен де жасанды интеллект саласындағы «бірегей заңды келісімді» құптады.

ЕО-ның құқықтық пакеті 2025 жылға дейін толығымен орындалмайды. Оны бұзған компанияларға 35 млн еуроға дейін немесе әлемдік айналымның 7 пайызына дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Депутаттар жаңа жылда Еуропарламентке сайлау науқаны басталмай тұрып келісімге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама