×

Маңғыстау облысында жас жігіт 10 жастағы қызға интимдік жазбалар жазған

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі Мұнайлы аудандық ПБ-да тіркелді

 Халық үні 12.12.2023 | 08:40
Фото:elements.envato.com

Маңғыстау облысында тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған қызға қорлық көрсетті деген күдікпен 19 жастағы жігітті ұстады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші қыздың анасы бірнеше күн бұрын полицияға жүгінген.

Әйелдің айтуынша, белгісіз адам WhatsApp мессенджері арқылы оның 10 жасар қызына интимдік хабарламалар жазған. Қазір полицейлер 19 жастағы жігітті ұстады.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен («Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі Мұнайлы аудандық ПБ-да тіркелді.

Полицейлердің ақпараты бойынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама