×

Қостанайдағы жарылыс: құтқарушылар үш адамның мәйітін тапты

Жарылыс салдарынан 12 адам зардап шекті

 Халық үні 11.12.2023 | 21:02
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанайда үйінді астынан үш адамның денесі табылды. Ақпаратты Halyq Uni ақпарат агенттігіне облыстық әкімдік растады. 

Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше қызмет қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ «ДОС» және «ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ», «Регион 10» еріктілер топтары тартылды. Жарылыс салдарынан 12 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің 4-еуі облыстық ауруханаға, 6 адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмекке 1 адам өз бетінше жүгінген, 1 адам медициналық мекемеге жатудан бас тартты, - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 7 жеңіл және 5 жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 тұрғын үй зақымданған. 

Қостанай қалалық ПБ ҚР ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі бойынша («Абайсызда 2 және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») сотқа дейінгі тексеруді бастады, - делінген облыстық әкімдік таратқан хабарламада. 

Еске сала кетсек, бүгін Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, бірнеше адамның үйінді астында қалғанын хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама