×

Қазақстанға әлем чемпионатына жолдама алуға бір қадам қалды

14 желтоқсанда Астанада Нидерландқа қарсы маңызды ойын болады

 Дастан Жұмабекұлы 11.12.2023 | 18:00
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

14 желтоқсанда 20:30-да Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының матчы болады, деп хабарлады Қазақстан шағын футбол федерациясы.

13 желтоқсанда 11:00-де Rixos қонақ үйінде D Hall конференц-залында футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Рикардо Кака, қақпашы Игита мен ойыншы Біржан Оразовтың қатысуымен матчалды баспасөз мәслихаты өтеді.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге А тобына түсті. Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен көш бастады. Ал қоржынында 1 ұпайы бар Нидерланд құрамасы төртінші орында келеді.

Анықтама: Футзалдан әлем чемпионаты элиталы кезеңінің іріктеуі 14-20 желтоқсан аралығында өтетін матчтармен аяқталады. Ал топтар қазанда өткен 3-4 турдан кейін түзілді.

Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтетін әлем чемпионатына шығуға мүмкіндік алады.

Элиталы раундтағы 5 топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған төрт үздік команда түйісу матчтарында ойнайды. Олардың жеребесі 2024 жылдың 25 қаңтарында тартылады. Ал әлем чемпионатының жолдамасы үшін қалған екі матч 2024 жылдың 8-17 сәуіріне жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама