×

Балқашта жоғалған қыздың денесі табылды (ВИДЕО)

Оқушының мәйіті Балқаш көліндегі 2,5-3 метр тереңдіктен шықты

 Дастан Жұмабекұлы 11.12.2023 | 17:30
Фото: Halyq Uni

Кеше кешке Балқаш қаласының полициясына 15 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Құқық қорғау органына қызының жоғалғанын жергілікті тұрғын айтып барған. Оның айтуынша, 10 желтоқсанда күндізгі сағат 16:00 шамасында қызы би үйірмесіне шығып, үйге оралмаған.

Осыған байланысты қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл жүйесі бойынша іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары баланың болуы мүмкін деген такси және көлік тұрақтарын тексеріп, қала жолдарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, барлық ауланы аралап шыққан. Бірақ нәтиже болмады. Осыдан кейін қызды іздеуге еріктілер мен қала тұрғындары қосылды.

Бүгін таңертең Балқаш көлінің жағасынан жоғалған қыздың киімдері табылды. Одан кейін сағат 13:36 шамасында 2,5-3 метр тереңдіктен қыздың мәйіті шықты. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама