×

11 полицей есірткі қылмысы үшін ұсталды

Қазір құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері есірткі сатуды бизнеске айналдырып алған

 Дастан Жұмабекұлы 11.12.2023 | 13:12
Фото: Halyq Uni

Биыл есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 11 полицей ұсталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері есірткі сатып, сақтағаны үшін ұсталған. Қазір елімізде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздері есірткі сатуды бизнеске айналдырып алған.

Биыл есірткіні сатумен айналысқан 11 адамның арасында көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменттері жанындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ҰҚҚК-нің, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, ТЖМ және әскери қызметкерлер болды, – деді Имашева.

Ол алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау үшін есірткімен айналысқан қызметкерлерді жұмыстан шығарып, лауазымын төмендетуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама