×

Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогының иегері атанды

Жарыста Қазақстанның тағы екі спортшысы орын алды

 Дастан Жұмабекұлы 11.12.2023 | 12:16
Фото: olympic.kz

Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті.

Ол 83,47 ұпай алып, алтын жүлдегер атанды.

Күміс медальді канадалық Александра Монтмини, қола жүлдені америкалық Амелиа Глоговски иеленді.

Жарыста Қазақстанның тағы екі спортшысы Ардана Маханова 10, Аделина Өмірзақова 13-орын алды.

Бұған дейін Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдегер атанды. Ол фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсетіп, 77.43 балл жинады. Одан кейін Еуропа кубогында күміс медаль иеленген болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама