×

Ақтөбеде жоғалған үш қыз жалдамалы пәтерден табылды

Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,

 Халық үні 09.12.2023 | 23:36
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

ы қаласындағы «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан қашып кеткен үш қыз бір тәуліктен соң жалдамалы пәтерден табылды. 

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды тапты.

Тексеру барысында олардың жалдамалы пәтерде екендігі анықталды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер Ақтөбе қаласы полиция бөліміне жеткізілді. Үшеуі үш түрлі мектепте оқиды,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қыздардың үшеуі де орталықтан сырт киімсіз шығып кеткен. Олардың киім алғанын фотодан көруге болады.

Еске салсақ, 8 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында үш қыз орталықтан қашып кетті. Оларды полиция мен еріктілер іздеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама