×

Шымкентте жігітпен кездесуге шыққан қыз күтпеген жағдайға тап болды

Күдікті УҰИ-ға қамалды

 Халық үні 09.12.2023 | 22:36
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесу Шымкент тұрғыны үшін қарақшылықпен аяқталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Күдікті ізін суытпай ұсталды.

Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан ер адамның тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған, - делінген хабарламада.

Ер адам бірнеше сағат ішінде қаладағы Арбатта ұсталды. Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама