×

46 градусқа дейін аяз: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі

 Халық үні 08.12.2023 | 20:27
Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК  9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі.

Ал атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, республиканың оңтүстігінде 09-11 желтоқсанда тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама