×

Путин президент сайлауына қатысатынын айтты

Оппозиционер Алексей Навальный халықты жаппай митингке шығуға шақырды

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2023 | 17:36
Фото: Сергей Карпухин / Reuters

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы президент сайлауына қатысатынын айтты. Сайлау 15-17 наурызда болады.

Орталық сайлау комиссиясы 15-17 наурыз аралығында президент сайлауына қатысатын үміткерлерге дауыс беруге болатынын хабарлады. Ал оппозиционер Алексей Навальный түрмеде отырып, халықты президент сайлауына қарсы митингке шығуға шақырды. Ол өзінің жақтастарына қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, сайлауға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, саяси доданың болмауына бар күш-жігерді салу керектігін айтты.

Қазірдің өзінде Мәскеу, Санкт-Петербург пен Новосібір қалаларында ілінген «Россия в новом году. 2024» деген билбордтың QR-кодында «Россия без Путина» деп жазылған болып шықты. Оны Федералды барлау қызметі анықтады.

Meduza-ның хабарлауынша, егер Путин келесі жылғы сайлауда жеңсе, билігін кемі 2030 жылға дейін ұзартады. Кремльдің алдында Путинге 80 пайыз дауыс алып беру міндеті тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама