×

Рыбакина табысы көп ТОП-10 спортшының қатарына қосылды

Тізімде 7 теннисші бар

 Дастан Жұмабекұлы 07.12.2023 | 10:05
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Sportico басылымы биыл ең көп табыс тапқан әйел спортшылардың тізімін жариялады. Рейтингтің ТОП-10 тізіміне 7 теннисші қосылды. Олардың арасында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бар.

Сhampionat.com-ның хабарлауынша, үш спортшыдан басқасының бәрі – теннисшілер.

1.Кори Гауфф (АҚШ, 19 жаста) –  22,7 млн АҚШ доллары ( $ 6,7 млн жарыстардағы сыйақы).
2. Ига Свентек (Польша, 22 жаста) –  $ 21,9 млн ($ 9,9 млн жарыстардағы сыйақы).
3. (сноуборд) Эйлин Гу (Қытай, 20 жаста) – $ 20 млн ($ 27 мың жарыстардағы сыйақы)
4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жаста) – $ 16,2 ($ 238 мың жарыстардағы сыйақы)
5. Наоми Осака (Жапония, 26 жаста) – $ 15 млн (жарыстардағы сыйақы – 0)
6. Арина Соболенко (Беларусь, 25 жаста) – $ 12,2 ($ 8,2 млн жарыстардағы сыйақы)
7. Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жаста) – $ 9,5 ($ 6 млн жарыстардағы сыйақы)
8. Джессика Пегула (АҚШ, 29 жаста) – $ 9 млн ($ 6 млн жарыстардағы сыйақы)
9. (спорттық гимнастика) Симона Байлз (АҚШ, 26 жаста) – $ 8,5 (жарыстардағы сыйақы – 0)
10. (гольф) Нелли Корда (АҚШ, 25 жаста) – $ 7,9 ($ 1,4 млн жарыстардағы сыйақы).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама