×

Сатыбалды Дәулеталин Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің вице-президенті болып сайланды

Қазіргі басшылық құрам 4 жыл қызмет етеді

 Динара Амантай 06.12.2023 | 17:33
фото: ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

Кеше Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған қазақстандық делегация Брюссельдегі Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бүкілеуропалық аймақтық кеңесі V Бас ассамблеясының жұмысына қатысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

БЕАК мүшелігі Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясына (ХКК) мүшелікке негізделген. БЕАК құрамына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясын қоса алғанда, ХКК құрамына кіретін 90 ұлттық кәсіподақтық орталықтар кіреді.

Бас Ассамблеяның жұмысын аша отырып, БЕАК президенті Ираклий Петриашвили әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдай кәсіподақтардан БЕАК-ке мүше елдердегі жұмысшылардың құқығы мен мүддесін қорғау бойынша неғұрлым тиімді шаралар қабылдауды талап ететінін атап өтті. Оның айтуынша, 2023-2027 жылдарға арналған БАЕК-тің саяси құжатында еңбек нарығының алдында тұрған міндеттерді ескеру қажет.

Жұмыс барысында Бас ассамблеяға қатысушылар БЕАК қызметі туралы есепті тыңдап, ұйым Жарғысына өзгерістер енгізді және ХКК Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің жаңа басшылық құрамын сайлады.

Делегаттардың дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ХКК Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің вице-президенті болып, ал Молдованың Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Игорь Зубку БЕАК президенті болып сайланды.

Сонымен қатар, БЕАК-нің Бас Ассамблеясы аймақтағы кәсіподақтар қызметінің басымдықтарын анықтау, жалпы ұсыныстарды талқылау және қабылдау, сондай-ақ ұйымның жаңа басшылығын сайлау үшін кемінде 4 жылда бір рет жиналатын болды. Қазіргі басшылық құрам алдағы 4 жылға сайланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама