×

Президент алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

 Халық үні 05.12.2023 | 23:54
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңға қол қойды. Солардың бірі – «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңы, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама