×

Қызылордалық азаматты бопсалаған Шымкент қаласының үш тұрғыны ұсталды

Жәбірленуші талап етілген ақшаны несие арқылы рәсімдеген

 Динара Амантай 05.12.2023 | 12:52

Қызылордалық азаматты бопсалаған Шымкент қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерелрінің мәліметінше, 2 желтоқсанда Қызылорда қалалық полиция басқармасының «102» арнасына 21 жастағы азамат хабарласып, өзін бейтаныс азаматтар ұрып-соғып, масқаралайтын мәліметтерді (бейнежазба мен суреттерін) жария етемін деп қорқытып, ақша талап еткендігін айтқан. Жәбірленуші талап етілген 250 мың теңге ақшаны несие арқылы рәсімдеп, күдіктілерге берген. Кейін олардың ақшаны өз пайдаларына жаратқандығы белгілі болды.

Күдіктілердің іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілерінің болуына байланысты ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ақша бопсалады деген күдікпен Шымкент қаласының 18 және 21 жастағы үш тұрғыны ұсталды.

Қазір ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен («Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы») сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама