×

Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды

Астанада бүгін бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары, колледждердің студенттері қашықтан оқиды

 Халық үні 05.12.2023 | 06:15
Фото: Астана білім басқармасы

Астана қаласының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлады.

2023 жылғы 5 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары, колледж (1-2 курс) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама