×

«Әйелімді көлікпен қағып өлтіріп, жайбарақат таксиге отырып кетті»: 4 баланың әкесі болған жайтты айтты

20 жастағы мас жүргізуші қыз 42 жастағы әйелді қағып, үш көлікке соқтығысқан.

 Халық үні 04.12.2023 | 23:49
Фото: egemen.kz

Астанада жантүршігерлік жол апаты болған. 20 жастағы мас жүргізуші қыз 42 жастағы әйелді қағып, үш көлікке соқтығысқан. Марқұм әйелдің артында төрт баласы қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді көз жұмған әйелдің күйеуі жүргізушінің қатаң жазаланғанын талап етіп отыр. Өйткені, қыз көлікті мас күйінде тізгіндеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды. Сот кінәлі деп тапса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ербол Жұмабаев жарының қазасы жайлы тәртіп сақшыларынан естіген. «

«Ішімдекке сылқия тойып алып әйелімді қағып өлтірген қыз өзінің ғана емес, біздің өмірімізді де ойран етті. Төрт баламды анасыз қалдырды. Қазір кенжеміз төрт жаста, ол әлі түсінбейді, анасын күтіп жүр. Жүрегім жылап, өзімді қоярға жер таппадым. Ол қыз әйелімді қағып кетіп, шыға сала өз көлігіне қарады, содан кейін әйелімді көріп, оны көтеріп, қайта тастай салды. Қашып кеткісі де келді. Одан соң көліктегі заттарына бола қайтып кеп, жайбарақат ауладан шығып, такси шақырып кетіп қалды», - дейді қара жамылған отағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама