×

WBO-ның жаңартылған рейтінгінде Головкин екі саты төмендеген

Әлем чемпионы атағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақта өзгеріс бар

 Еркеғали Болатұлы 04.12.2023 | 16:40
фото: mma.metaratings.ru

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылардан Роман Фресс, Мейірім Нұрсұлтанов және Геннадий Головкин бар.

Әлем чемпионы атағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі орта салмақта өзгеріс бар. Рейтингтің 1-орынында әдеттегідей британдық Крис Юбанк тұр. Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 2-орынға жайғасса, тағы бір британдық боксшы Дензел Бентли 3-орынға тұрақтаған. Бұрын үшінші тұрған Феликс Кэш 7-орынға төмендеді.

Ал 4-орында тұрған Геннадий Головкин 6-орынға сырғыды. Оның орнына ұлыбританиялық боксшы Хамза Шираз жайғасты.

Сондай-ақ бірінші ауыр салмақ рейтингінде Роман Фресс 10-орында тұр.

Еске сала кетсек, бір жылда бірде-бір жекпе-жек өткізбеген Головкинді WBO-дан басқа ұйымдар рейтингтен шығарып тастаған. Ол соңғы рет 2022 жылы 17 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама