×

42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген азамат ұсталды

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Динара Амантай 04.12.2023 | 11:37
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу әлеуметтік желідегі парақшасына бұзып кіріп, оның атын пайдалану арқылы таныстарынан ақша сұрап алып, 55 мың теңге шығын келтіргенін жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алынды. Жан-жақты жүргізілген тексерулер нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол Жамбыл облысының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Полиция бөліміне жеткізілген жас жігіттің Астана қаласының сотымен осындай 42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүргені анықталды, – делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Оның жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі – 2 миллион теңгеге жуық. Полиция тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама