×

Жетісу облысында жылқы адам өліміне себеп болды

Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

 Халық үні 03.12.2023 | 23:13
фото: polisia.kz

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласынан шыға берісте болды. Ауди А8 көлігі кенет жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан. 

Көліктің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама