×

Алматы облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

 Халық үні 03.12.2023 | 21:48
фото: видеодан скриншот

Алматы облысында жиналып, жаппай төбелес шығарған жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Оқушылардың топтасып жаға жыртысқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Төбелескен – жергілікті мектептің оқушылары. Тексеру барысында анықталғандай, 29 қарашада 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, соңы ұйымдасқан жиынға айналған.

Аталған дерек бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың барлық ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы («Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты ӘҚБтК-нің 435-бабымен («Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық») хаттама толтырылды, – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Психологтар оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама