×

Шетелдік әуе компанияларына қойылған шектеулер алынып тасталды

Бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік бері

 Динара Амантай 02.12.2023 | 14:02
фото: Hola News

Шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» бар отандық бірқатар әуежайға шектеусіз ұша алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көлік министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, әуе көлігінің қолжетімділігі мен дамуы үшін қазақстандық әуе тасымалдар нарығының тартымдылығын арттыру мақсатында «ашық аспан» режимін одан әрі жетілдіріп жатыр.

Атап айтқанда, министрлікпен «ашық аспан» режимін енгізу туралы бұйрыққа шетелдік әуе компанияларына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығын беру арқылы бұрын-соңды қолданыста болған шектеулерді алып тастауға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігімен» ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды. Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуе билеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр.

Айта кетерлігі, «Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама