×

«Ақбоз үй» тарихи туындысына кино емес, мультфильмнің ақшасы бөлінді – Смағұл Елубай (ВИДЕО)

Кинодраматург айналадағы саяси ахуалға байланысты фильмнің келешегі үшін қатты алаңдайтынын да жасырмады

Белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың романы желісімен түсірілген «Ақбоз» фильмнің жұртшылыққа таныстырылды. Алайда жазушы бұл тарихи туындыға қаржы жеткілікті деңгейде бөлінбегенін айтады. Бұл жайындағы ойымен ол «Сұрауы бар» Youtube арнасында журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында бөлісті. 

«Фильмге көп ақша жұмсалған жоқ. Бір мульфильмнің бағасы ғана кетті. 365 млн теңге. Бұл көп ақша емес. Жалпы мұндай тарихы фильмдерге 1 млрд теңгеден аз төлеу обал деп ойламын. Бірақ соны әйтеуір  жүгіріп жүріп қол жеткіздік. Бізде кино үлкен талап қоямыз. Қазір Венгр бір режиссері Қазақстандағы ашаршылық туралы түсіріп жатыр. Ол менің естуімше 25 млн доллар салып жатыр дейді. Ал бізде 1 млрд-қа да жетпейді қаражат. Киноға талап қоямыз, неге Голливудтай болмайды деп. Неге «Оскар» алмайды? Айналайын, салып отырған ақшаңның түріне қарау керек қой. Ол ұят нәрсе. Мысалы, сценарий жазатын авторлар қанша ақша алатынын мен білемін. Осыдан 30 жыл бұрын шетелдегілер жарты млн доллар алатын. Ал бізде ол 100 жылда болмайтын шығар», - деп қынжылыс білдірді жазушы. 

Кинодраматург айналадағы саяси ахуалға байланысты фильмнің келешегі үшін қатты алаңдайтынын да жасырмады. 

«Мен Президентпен 3 жыл бұрын кездескенде «алдымызда 2021-2022 жылдары ашаршылықтың 100 жылдығы келе жатыр. 32 жылғы ашаршылықтың 90 жылдығы келе жатыр. Енді осыған құр қол бармай, кино саласында «Ақбоз үй» деген фильмнің сценарийін әкеліп отырмын, ол  тарих, тәрбие, ақпарат, шындық. Осыдан бастасақ қайтеді?» дегенде ол кісі сөзге келместен қолдаймын деп фильмге жол ашты. Ал қазір геосаяси жағдай қайта ушыға бастады. Қазақстан екі империяның ортасында отыр. Империялар ылғи да зұлым болған. Сол зұлымдығын қазір көріп отырсыздар. Осы фильмнің тағдыры үшін тағы да қорқып отырмын шынын айтқанда. Өйткені Кремель шошиды ылғи. Ашаршылық деген сөзден шошиды. Өткінішке орай демократия топтар аздау Ресейде. Империяшыл күштер басым түсетін болса бізге тағы да шындықты айтқызбауға күш салады деп қорқып отырмын», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама