×

Алматыда өнер көрсеткен рэпердің жазбасы қазақстандықтардың ашуын тудырды

Егер «Борат» фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер, дейді ол

 Халық үні 29.11.2023 | 20:57
Фото: Instagram/50cent

Америкалық рэпер және актер 50 Cent бір күн бұрын Алматыда өнер көрсетті. Концерттен кейін шетелдік рэпердің Instagram парақшасында жазған жазбасы қазақстандықтардың көңілін қалдырды. 

Nur.kz жазуынша, 28 қарашада Алматы Аренада әлем жұлдызының концерті өтті. Шоуға келген көрермендер 2000-шы жылдардағы сүйікті әндері Candy Shop, P.I.M.P, In da club, Ayo Technology-ға билеп, қуаныштарын жасыра алмады. Концерттен кейін әртіс әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырып,қазақстандықтардың ашуына тиген.

Алматы, Қазақстан, керемет өтті. Егер «Борат» фильмі болмаса, менің не айтып тұрғанымды түсінбейтін едіңіздер. Мен әлемге ортақпын, - деп жазды рэпер өзі бөліскен сурет астына.

Айта кетейік, осыдан 3 жыл бұрын «Борат 2» фильмі нәсілшілдік үшін айыпталып, оған қарсы петиция жарияланған болатын. Фильмнің негізін қалаушы кино үшін неліктен Қазақстанды таңдағанын түсіндірді түсіндірді. Ал кейінірек Саша Барон Коэн бұдан былай «Борат» туралы фильм түсірмейтінін мәлім етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама