×

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, жолаушылар зардап шекті

Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды

 Еркеғали Болатұлы 29.11.2023 | 16:40
фото: видеодан скриншот

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан 7 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Олардың барлығы әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы 2 жолаушыға көмек қажет емес, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама