×

Алматының Наурызбай ауданында екі емхана мен амбулатория салынады

Ол арқылы тұрғындарға медициналық көмекті қадамдық қолжетімділікте алуға мүмкіндік беру көзделген

 Халық үні 29.11.2023 | 11:43
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданында екі емхана, Ақжар шағын ауданында бір дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni.

Жаңа медициналық мекемелер Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарының тұрғындарына медициналық көмекті қадамдық қолжетімділікте алуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі медициналық мекемелерге жүктемені азайтуға көмектеседі. Оның айтуынша, Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Қазір Наурызбай ауданында төрт емхана, үш аурухана, бір отбасылық-дәрігерлік амбулатория, екі жедел жәрдем станциясы жұмыс істейді. Онда жалпы 4 мың 500 медицина қызметкері жұмыс істеп тұр. Емханаларға барлығы 165 мың тұрғын тіркелген, – деді ол.

Назира Тоғызбаеваның айтуынша, бүгінде 4 мың 300-ге жуық оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін «жайлы мектеп» жобасы аясында да 3 мың 700 орындық екі мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Биыл қазанда Құрамыс, Шұғыла шағын аудандарында және Сабденов көшесінде 5 мың 500 орындық үш мектептің құрылысы басталды. Сонымен қатар, қарашада Шұғыла шағын ауданындағы №174 мектепке қосымша құрылыс басталды. Қазір ауданда 12 мемлекеттік, 14 жекеменшік мектеп және 1 НЗМ мектебі жұмыс істейді, барлығы 30 мыңға жуық оқушы бар, - деді Назира Тоғызбаева.

Наурызбай ауданындағы мектепке дейінгі орындардың тапшылығын азайту үшін оның деректері бойынша желтоқсан айында Құрамыс, Шұғыла шағын аудандарында 640 орындық екі балабақшаның құрылысы басталады. Ал 2024 жылдың бірінші тоқсанында Шұғыла шағын ауданында 320 орындық мемлекеттік балабақша пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 130 балабақшада «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Осы бағдарлама арқылы ата-аналар 70%-ға дейін жеңілдік алады. Яғни, бұл – олар үшін үлкен қаржылық көмек. 2023 жылға мемлекет «Балапан» бағдарламасы бойынша 3,3 млрд теңге бөлді, – деп қорытындылады сөзін аудан әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама