×

Арабтың бәйге атын қазақтар соғымға сойып алды

Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион 500 мың теңге

 Халық үні 27.11.2023 | 20:48
фото: polisia.kz

Қарағанды облысында таза қанды, араб тұқымды бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулердің халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион 500 мың теңге.

Полиция аталған іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтарды ұстады. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок-бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. ҚР ҚК-нің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама