×

Ақтөбе облысында фермаға ұрлыққа түскендер ұсталды

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Дастан Жұмабекұлы 27.11.2023 | 17:34
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері фермаға ұрлыққа түскен тұрғындарды ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Әйтеке би ауданында белгісіз адамдар Жамбыл ауылынан 25 шақырым жердегі шаруа қожалығында тұрған «ЕНИСЕЙ» комбайнының жанармай багынан 230 литр дизель отынын (солярка), екі аккумулятор мен гидравликалық шлангтарды ұрлаған.

Шаруа қожалығының басшысына келтірілген залал шамамен 300 мың теңге болған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру операциясы кезінде Әйтеке би ауданының үш тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілердің бірінен ұрланған зат табылды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама