×

«Артында 5 баласы қалды»: Шымкентте ер адамды мектеп оқушылары өлтіріп кеткен

Ол далада екі сағаттай жатып қалған

 Халық үні 27.11.2023 | 07:22
фото: Halyq Uni

Шымкентте бес баланың әкесі мектеп оқушыларынан оңбай таяқ жеп, мерт болды. Марқұмның әйелі Алтынай Айтқұлова «Көреміз» бағдарламасынан көмек сұраған, деп хабарлады Massaget.kz.

Алтынай Айтқұлованың айтуынша, 9 қыркүйекте күйеуін базар маңында бір топ оқушы аяусыз ұрып-соққан. 39 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды. Марқұмның жақындары кінәлілер жазадан жалтарып кете ме деп қорқады.

Бұл балалар қыздардың алдында өзін көрсеткісі келіп, сол жерде құлатып, быт-шытын шығарып кетеміз деген оймен істеген ғой. Жарты сағаттай төбелес болған. Тағы екі бала келген. Олар келмей тұрып күйеуімді ұрған. Төбесінен жұдырықтап ұрған. Сол жерде үлкен кісі ғой деп тастап кетсе болады ғой. Жоқ, бұлар жалғастырып ұрған, бір-біріне лақтырып, сүйреген, - дейді марқұмның әйелі.   

Оның айтуынша, күйеуі далада екі сағаттай жатып қалған. Марқұмның артында әйелі, 5 баласы қалды. Балаларының үлкені 12-де болса, кенжесі – 4 жаста. Сол күні ер адам жұмыстан келгеннен кейін сыра іздеп, қалаға шығып кеткен. Алтынай Айтқұлованың айтуынша, күйеуі ішімдікті жиі ішпейтін, тек арасында ғана ішкен. 

Отасқанымызға қазан айында 15 жыл болды. Күйеуім ағасының қолында көмекшісі болып жұмыс істейтін еді, - дейді Алтынай Айтқұлова. 

Айтуынша, күйеуі өзін ұрып кеткен жігіттерге таңғы 4-тер шамасында кезігіп қалған. 

Сол күні ішкен. Сол жерде базардың маңында, - дейді марқұмның әйелі. 

Алтынай Айтқұлова күйеуін ұрып кеткен балалардың кәмелетке толмаған оқушылар екенін айтады. 

Күйеуім оқушылардан су сұраған. Ішкен күйінде. Олар «жоқ» деген. Күйеуім «мына жерде тұрам» дегендей түсіндіріп тұрған ғой. Сосын күйеуім оларды құшақтаған. Ішіп алған кезде ондай мінез шығармайтын. Күйеуім құшақтаған кезде екі бала оны итеріп, артқа шегініп ұрып, төбелес басталып кеткен, - дейді Алтынай Айтқұлова. 

Оның айтуынша, бұл іс бойынша тек бір жігіт күдікті деп танылған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама