×

Қажылыққа барушыларды визамен алдаған турфирма басшысы ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 25.11.2023 | 11:13
Фото: yandex.kz

ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тергеу нәтижесі бойынша «Zam Zam Qazaqstan» туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына қажылықты заңсыз ұйымдастырғаны әшкереленді. Сауд Арабиясы мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас, қажылық жасауға берілген виза растайтын жалған сайтты құру фактісі анықталды.

22 қарашада сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама