×

«Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелейді» - ҚМДБ мәлімдеме жасады

ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайды

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2023 | 11:41
Фото: gov.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде «Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелеуде» деген мазмұнда таралып жатқан пікірге қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдейді, – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Оның айтуынша, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайды.

«Мұндай жалған мәліметке сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама