×

«Қазақмыс» фабрикасында жұмысшы қаза тапты

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр

 Халық үні 22.11.2023 | 20:50
Фото: inbusiness.kz

«Қазақмыс» компаниясы 22 қарашада №2 Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиға болғанын хабарлады.

«Конвейер механизміне қысылу салдарынан 1980 жылғы конвейер машинисі жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алушының қайтыс болғанын мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама