×

«Oil Construction Company» ЖШС бас директорының орынбасары ұсталды

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды

 Динара Амантай 22.11.2023 | 17:59
Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор саласындағы заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикормен жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Oil Construction Company» ЖШС бас директорының орынбасары бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша әшкереленді.

Маңғыстау облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Кендірлі» демалыс аймағы», «Тоқымақ» жерінде теңіз суын тұщыту зауытын салу» инвестициялық жобасын іске асыру шеңберінде ақшалай қаражатты кедергісіз аудару үшін пара алған, – делінген Антикор хабарламасында.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама