×

Түркістанда даңқты қолбасшыны еске алуға арналған турнир басталды

2004-2006 жылы туған өрендер 21 салмақ дәрежесінде жеңімпазды анықтайды

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2023 | 16:54
Фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Түркістан қаласындағы Olympic center спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рахымовты еске алуға арналған еркін күрестен және әйелдер күресінен XXVII халықаралық турнир басталды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күрес додасына биыл еліміздің барлық өңірлерімен қатар, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен 24 команда, 454 балуан қатысып, боз кілемнің көркін қыздырып жатыр.

Тартысқа толы турнирде 2004-2006 жылдары туған өрендер 21 салмақ дәрежесінде жеңімпазды анықтайды. Оның ішінде ұлдар 11 салмақта белдессе, қыздар 10 салмақ дәрежесінде бақ сынайды, – делінген хабарламада.

Халықаралық күрес турнирінің ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова мен Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама