×

Орташа жалақы – 350, 5 мың теңге

Атырау облысында орташа айлық – 602,4 мың теңге

 Дастан Жұмабекұлы 22.11.2023 | 16:10
Фото: ortcom.kz

Биыл үшінші тоқсанда елімізде орташа айлық жалақы 350,5 мың теңге болды. Finprom.kz мәліметіне қарағанда, бұл – бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 16,9% көп. Алайда инфляцияны ескергендегі нақты өсім 3,5% болып отыр.

Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, орташа айлық жалақы 50 мың теңгеге өскен. 2022 жылы орташа айлық жалақы 299,8 мың теңге болған.

Облыстар бойынша алып қарасақ, ең көп орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелген. Бұл жерде орташа айлық – 602,4 мың теңге. Бұл – бір жыл бұрынғыдан номиналды түрде 14,3% және нақты мәнде 2,8% көп. Одан кейін Маңғыстау облысында орташа айлық жалақының көп екені белгілі болды. Онда орташа жалақы – 519,1 мың теңге.

Елдегі ең төменгі жалақыны өнер, ойын-сауық және демалыс, ауыл, орман және балық шаруашылығы, су жабдықтау және су бұру салаларындағы қызметкерлер алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама