×

Месси мен Роналду қарсылас ретінде тағы бір кездесетін болды

Екеуі соңғы рет биыл қаңтар айында бақ сынасқан еді

 Еркеғали Болатұлы 22.11.2023 | 11:44
фото: lindeal.com

«Интер Майами» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси мен «Аль-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жақында қайта кездесетін болды.

Келесі жылдың ақпанында Сауд Арабиясында «Эр-Рияд маусымы Кубогы» деген атпен жолдастық турнир өтеді. Оған құрамында Месси бар «Интер Майами» футбол клубы мен шабуыл шебінде Роналду ойнайтын «Аль-Наср» командасы қатысады.

Еске сала кетсек, Роналду мен Месси қарсылас ретінде соңғы рет биыл қаңтар айында кездескен еді. Сол матчта Лионель Месси «ПСЖ» сапында ойнаса, Криштиану Роналду Эр-Рияд қаласының құрамасы сапында болды. Жолдастық кездесу 4:5 есебімен париждіктердің пайдасына шешілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама