×

«Дәрмек» операциясы: 86 тонна улы зат тәркіленді (ВИДЕО)

249 адам, оның ішінде 79 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2023 | 14:51
Фото: polisia.kz

Елімізде Ішкі істер министрлігі 13-17 қараша аралығында «Дәрмек» операциясын жүргізді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, операцияның бес күнінде полиция қызметкерлері есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу фактілері бойынша 20 қылмысты анықтады. Сонымен қатар жедел-алдын алу шарасының қорытындысы бойынша 249 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 249 адам, оның ішінде 79 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық материал Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жіберілді.

Операцияда полицейлер 7 мыңға жуық таблетка мен құрамында есірткі және психотроптық заттары бар 81 мыңнан астам ампула, сондай-ақ 86 тонна улы заттарды тәркіледі. Лицензиялау нормалары мен сақтау объектілерінде техникалық нығайту талаптарының бұзылуына байланысты 3,2 тонна прекурсордың айналымы шектелді, – деп хабарлады ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, Астанадағы емханалардың бірі тексерілгенде есірткі және психотроптық заттарды сақтау мен өңдеу ережелерін бұзу фактісі анықталды. «Морфин» дәрілік препаратының 150 ампуласы тәркіленді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама