×

Газа секторын соғыстан кейін басқару мәселесі қаралып жатыр

Үшінші нұсқа қызу талқыланды

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2023 | 10:55
Фото: AP Photo / Leo Correa

Біріккен Ұлттар Ұйымында Палестина автономиясының Газа секторын соғыстан кейін қай мемлекеттің басқаратыны туралы мәселе қаралып, қызу талқыланып жатыр. Оған бірнеше нұсқа ұсынылды.

Бірінші нұсқада Газа секторын Палестина автономиясының бақылауына беру ұсынылған. Бұл ұсынысқа Израиль үзілді-кесілді қарсы шықты. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху  Газа секторы Палестинаның басқаруына берілсе, Израильге шабуыл қайта басталуы мүмкін деп мәлімдеді.

Екінші нұсқада Газа секторын Израильге беру ұсынылды.

Үшінші нұсқа – АҚШ пен Араб елдері коалициясының басқаруына беру. Бұл ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Егер Газа секторы АҚШ пен Араб коалициясының ортақ бақылауына берілсе, аймақты басқару іс жүзінде Палестинаға жүктеледі. Ол коалиция болып басқарылады. Бұған қатысты ортақ келісім жоқ.

Төртінші нұсқа – БҰҰ протекторатына беру. Яғни, соғыстан кейінгі саяси билік құрылымы ретінде БҰҰ басқаруына беру.

Бұл нұсқаға БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш қарсы шықты. Ол Газа секторы БҰҰ басқаруына берілсе, проблема шешілмейді. Бас хатшы екі халық, екі мемлекет формуласын қолдайтынын айтып, Палестина ұлттық автономиясының тәуелсіздігін жариялауды талап етті. Бұл ұсынысты Еуропа одағы дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель де қолдады. Ол Бахрейнде өткен «Манам диалогы» форумында Газа секторының Палестинаға қосылу керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама