×

Алматы облысында шетелдікті бопсалаған топ ұсталды (ВИДЕО)

Топта 21-46 жас аралығындағы 7 адам болған

 Дастан Жұмабекұлы 20.11.2023 | 13:20
Фото: polisia.kz

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ведомствоның арнайы жасағымен бірге Алматы, Жетісу облыстары мен Алматы қаласында азаматтарды бопсалаумен айналысқан топты ұстады. Топта 21-46 жас аралығындағы 7 адам болған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, бұл факті полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы («Бопсалау») бойынша тіркелген.

Күдіктелер биыл 11 наурызда Қаскелең қаласындағы қоймалардың бірінде шетелдік азаматты ұрып, қоқан-лоққы жасап, ірі көлемде ақша бопсалаған, – деді Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр.

Оның айтуынша, күдіктілер көп ұзамай, ұсталып, қамауға алынды. Қазір күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осы жұмыстардың нәтижесі бойынша іс материалдары түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама